Аралайық сыр бойын – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Аралайық сыр бойын» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2631
Саяхаттап қайтайын,
Жүр менімен, сүйгенім.
Сыйлық етіп тартайын,
Сырдың қызыл гүлдерін.
Ұққан алғаш жан сырын
Бар еді бір жасыл тал.
Жасыл талда жасырын
Кездесіп ең ғашық жар.
Сылдыр-сылдыр күлкіңмен,
Құйып едің жыр маған.
Сонау өткен сол күннен
Сырыңды Сыр тыңдаған.
Саяхаттап қайтайын,
Жүр менімен, сүйгенім,
Сыйлық етіп тартайын,
Сырдың қызыл гүлдерін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аралайық сыр бойын өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Аралайық сыр бойын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аралайық сыр бойын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аралайық сыр бойын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері