Тағдырымның ең керемет сыйлығы!

Бұл бетте «Тағдырымның ең керемет сыйлығы!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1592
Қарашы әне,
Арай шашқан ақ таңды- ай.
Кездесіп ек сол бір бақта, батқанда «Ай»,
Таңның нұры айналаға шашырап,
Несібесін бөліп беріп жатқандай.
Махаббаттың балын татып, ұғынып,
Бір үмітті, жетеледі бір үміт.
Ақ білегің мойыныма оралып,
Құшып тұрдың,
Құшағыма тығылып.
Қызғанып бір, өзге түгіл өзімнен.
Ерініңнен ыстық демің сезілген.
Ерекше бір сезім сиқыр арбады,
Елес болып көрінердей көзіңнен.
Бал сезімнен тәнім еріп балқыдым.
Ыстық леп па,
Отқа оранып, алқымым.
«Тағдырымның ең керемет сыйлығы,
Өзің ғана дей бердім-ау» – алтыным.
Неге,
Қалай,
Бүгін ерте таң атқан?
Дәл осылай атса екен ғой, әр ақ таң.
Пендесіне махаббатты сыйлаған,
Қандай ұлық едің-ау сен, Жаратқан.
Ғашық ғұмыр,
Серттескенбіз – «Сенші» – деп.
«Сүйем – дедің – уәдеңді берші» – деп.
Маңдайыма бұйырған бақ өзіңсің,
Мен өзіңді алып кеткем еншілеп.
Сөге берме махаббатқа массың деп,
Бақыт күнді бұйыруға жазсын тек.
Таңда тұрып, бір Алладан тіледім,
Бір жастықта қартаюға жазсын деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдырымның ең керемет сыйлығы! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Тағдырымның ең керемет сыйлығы! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдырымның ең керемет сыйлығы! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдырымның ең керемет сыйлығы! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері