Естеліктер – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Естеліктер» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.12.2015
  • 0
  • 0
  • 15860
Естеліктер - жыртылмайтын кітаптай,
Сынбайтғын бұтақтай,
Естеліктің гүлі қурап солмайды,
Бояуы да оңбайды.
Естеліктің семген емес құрағы,
Жұпары аңқыптұрады.
Естеліктің қусырылмас кеңдігі,
Лайланбайды мөлдірі.
Естеліктің тесілмейді кемесі,
Шірімейді шегесі.
Естелікті өршілдікке бейім де,
Сүйремейді кейінге.
Естеліксіз өспек емес бүгінгім,
Ол - өшпейтін бұрынғым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері