Жаңғырық – Мұзафар Әлімбаев

Бұл бетте «Жаңғырық» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 4467
Тауға бардым, ән салдым,
Ашық екен дауысым.
Өзім естіп, тамсандым:
Жаңғырықты тау іші.
Айналаны ән қылып,
Тұрды естіліп жаңғырық.
Құлап түсіп, жыладым,
Қатты шықты дауысым.
Шалды кенет құлағым:
Жаңғырықты тау іші.
Айналаны даң қылып,
Тұрды естіліп жаңғырық.
Күн өрмелеп ақ шыңға,
Талай таңдар атады.
Жаманың да, жақсың да
Жаңғырығып жатады…
Жақсылықтан жаңғырық
Жаңғырықсын мәңгілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері