Өлең, жыр, ақындар

Жұртымен бірге жасар

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1002
(Кәкімбек ақынды еске алу)

Жыл толды қайырылғалы ер қанаты,
Халқының жүрегінде қалған аты.
Өшпейді өмірдегі салған ізі,
Сөнбейді өлеңдегі жанған оты.
Жаратқан жатқан орнын жарық қылсын,
Жұмақта жезкиігін жолықтырсын.
Ұлтының қамын жеген қаршадайдан,
Ұл туса, Кәкімбектей болып тусын!
Сүйінді жақсылықтың барлығына,
Күйінді қатал заман тарлығына.
Ғасырдың өзі куә кешегі өткен,
Ел жүгін арқалаған нарлығына.
Тағдырдың басқа түсті тайталасы,
Әніңді дегендей бір қайталашы.
Іздеп тұр Кәкімбегін күңіреніп,
Орман­-көл, тау мен тасы, сай­-саласы.
Өлеңнің тұнығынан сусындаған,
Қазақтай шын ақынды кім тыңдаған?
Іздеп жүр Кәкімбегін аласұрып,
Аққулар көлді айналып сұңқылдаған.
Түсетін алыстарға көз қиығы,
Әркімнің өзіне аян өз биігі.
Жолықпай Кәкімбегі жабырқайды,
Жапанның желдей ескен жезкиігі.
Саралап жортқан ізін ары­-бері,
Күрсіне еске алады қалың елі.
Секілді сағыныштың белгісіндей,
Сарғайған Сарыарқаның сары белі.
Пенде жоқ жер бетінде өлмейтұғын,
Қайғыны уақыт қана емдейтұғын.
Жұртымен бірге жасар ән мен жыры,
Жүрегін тыңдағанның тербейтұғын.
Сартылдап жылдар өтер, күндер өтер,
Ғұмырды таусылмайтын кім дәметер?
Бейнесі қайран асыл ағалардың,
Көз көрген біздерменен бірге кетер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бесік жыры

  • 0
  • 1

Адамның еске түссе есіл күні,
Есіне түседі екен бесік жыры.
Жадымнан оқта-текте шығып кетсе,
Анашым, айналайын, кешір мұны.

Толық

Қара бала қол жайып

  • 0
  • 1

Солқылдатып өмірдің сан сауалы,
Жүрегімнен, миымнан қан сауады.
Дүбір салған ішімде дүлей тасқын,
Сыртқа бұзып шыға алмай жар соғады.

Толық

Көктем келді тағы да дала гүлдеп

  • 0
  • 0

Көктем келді тағы да дала гүлдеп,
Көкжиекке қиыла қарадым кеп.
Сан құбылған сағымдар арасынан
Үміттенем өзіңді табамын деп.

Толық

Қарап көріңіз