Қара орман еді – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қара орман еді» атты Несіпбек Айтұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1527
Мінгенде тартып ат жалын,
Қара орман еді қапталым.
Найзағай түсе бастады,
Лапылдап сұмдық от­-жалын.
Қоштасып күнмен нұр сепкен,
Бәйтерек ұшты бір шеттен.
Сұлады шынар ортадан,
Ыңыранып үні гүрс еткен.
Күндерде шаттық, той қымбат,
Көрінер бәлкім қайғым жат.
Опасыз өрті өлімнің,
Ортамды кетті ойдымдап.
Қызығы жаздың басылмай,
Жапырақ жанды жасылдай.
Ойдым да ойдым өмір-ай,
Ойма бір таздың басындай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері