Өлең, жыр, ақындар

Саятта

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1447
Түлкідей мына заман бұлаңдадың,
Қайдасың, қағып түсер қырандарым!?
Қылыштай қанатымды көкке сермеп,
Менің де биік шырқау бір арманым.
Қырымнан томағасын сыпырғанда,
Қыраннан қашқан түлкі құтылған ба?
Көңілі құсбегінің судай тасыр,
Бүркіті көзі жайнап жұтынғанда.
Па, шіркін, қуанышты айт сол уақтағы,
Сылқ етіп құс тіленсе балдақтағы.
Ішіңнен сыйынасың, уа, құдайлап,
Аузыңа түсіп қоса аруақ тағы.
Сол сәтте аспанды бұлт торламаса,
Жықпылдан жортқан түлкі жорғаласа.
Сып етіп көкке атылып шыққан қыран,
Түйіліп, қайта төмен сорғаласа.
Кірерге тесік таппай түлкі сасып,
Жан үшін арпалысар жанталасып.
Керіліп тұра қалса, қағып өтіп,
Бұрқ етіп, бүріп жатса қайта басып.
Дариға, арманы жоқ құсбегінің,
Қызығын өңде көрген түстегінің.
Саяттың сәні болмас барлығын бір
Ақтарып тастамасаң іштегінің!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серпіл, аға!

  • 0
  • 0

Егіліп жылай берме, серпіл, аға,
Жылаумен көздің жасы сарқыла ма?
Ақыны Алатаудай күңіренсе,
Қайыспай қабырғасы ел тұра ма?

Толық

Жарысып жылдарменен

  • 0
  • 0

Аймағы ауылыңның ну қарағай,
Жамырап бой түзеген күнге қарай.
Өрмелеп қарағайға өскен ұлан,
Биікке тұра ала ма ту қадамай?!

Толық

Марғасқа

  • 0
  • 0

Әлемнің оймен кезіп шартарабын,
Әрқашан ауыр жүкті арқаладың.
Өшірмей Әбіш атың намыс отын,
Жұртыңды жүрегіңмен қалқаладың

Толық

Қарап көріңіз