Ақжорғажан (2-нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақжорғажан (2-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2106
Шын ғашық бірін-бірі алдамайды,
Қайғысыз қара жүрек зарламайды.
Қара тас, ұйқың келсе, мамық болар,
Ғашықтық сұлулықты талғамайды.

Қайырмасы:
Ах-ау-ай, Ақжорғажан, Ақжорғажан!
Басыңды құрбың күтсе,
Қалмайды арман,
Сәулем-ай, қалмайды арман-ай!

Қарағым, төмен қарап назданасың,
Кім білсін, қуаныштың азғанасын.
Қосылса екі ғашық бір жерге егер,
Жүректің бітірмей ме сан жарасын?!

Қайырмасы:
Ах-ау-ай, Ақжорғажан, Ақжорғажан!
Басыңды құрбың күтсе,
Қалмайды арман,
Сәулем-ай, қалмайды арман-ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері