Өлең, жыр, ақындар

Жортқанда жолың болсын!

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1634
(Қуат Есімхановқа)

Алпыс жас құтты болсын, ер Қуатым,
Асқар тау жетпіс деген енді жақын.
Тектіден туа қалған бір тұяқсың,
Шығарған елдің атын, жердің атын.
Бір құдай қуат беріп талабыңа,
Жар салдың жас күніңнен алабыңа.
Ұлтыңның адал ұлы бола білдің,
Қазақты бөліп жармай ала-құла.
Ұрпағы ұясынан тарап өрген,
Кеудеңде қазына мол ана берген.
Қозғайды тереңдегі қасіретіңді,
Тілдессең бабаң жатқан қара жермен.
Тартынбай тәуекелге бел байладың,
Алдымен өзіңді емес, елді ойладың.
Сарқытын бабалардың сарқып ішіп,
Қалқыдың қара сөздің балқаймағын.
Зердеңе асыл нұрын құйып кеткен,
Еңсеңді Кәмеш әжең биіктеткен.
Гүлжаһан – туған шешең тәуба қылған,
Имене анда-санда сүйіп беттен.
Бақыттың сүті кетпей таңдайыңнан,
Сипаған қос алақан маңдайыңнан.
Екі ана аунап түсіп жатқан шығар,
Айналып құдай берген сендей ұлдан.
Тең басқан аяғыңды нық күндерде,
Сәтбектей атой салып шықтың белге.
Тәкаппар тас мүсінін талқан етіп,
Ермакты екінші рет тықтың көрге.
Тіршілік – арпалысқан мәңгі майдан,
Қорғайсың күреспесең елді қайдан?
Разы аруақтардың бәрі саған,
Басына өз қолыңмен белгі қойған!
Үстінде өмір деген ұлы жолдың,
Білгенге дүние, шіркін, кірі қолдың.
Атаның ұлы болып тудың­-дағы,
Халқыңның қара табан құлы болдың.
Салмағы шіренгенде елге батып,
Талайлар шолжаңдаған төрде жатып.
Жүрсең де босағада орның биік,
Жігітке бұдан асқан бар ма бақыт?!
Жасай бер халқың үшін, Қуат інім,
Күндерің жарқын болсын туатұғын.
Қандырар сусыныңды шөлдегенде,
Мен де бір көңіліңнің суатымын.
Қайраған қайратыңмен ел намысын,
Ұрпаққа қасиетің мол дарысын.
Кең ашып көкжиегін туған далаң,
Жортқанда жолың болсын, Жолбарысым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жарысып жылдарменен

  • 0
  • 0

Аймағы ауылыңның ну қарағай,
Жамырап бой түзеген күнге қарай.
Өрмелеп қарағайға өскен ұлан,
Биікке тұра ала ма ту қадамай?!

Толық

Көкірегім – бақ, жүрегім – бұлбұл менің

  • 0
  • 0

Көкірегім – бақ, жүрегім – бұлбұл менің,
Енді маған мойныңды бұр, күндерім.
Шалдықтырмас жанымда кәусарым бар,
Шаң жұқтырмас шашама бұл бір кезім,

Толық

Клара жеңгейге арналған жыр

  • 0
  • 0

Жігіттің адал болса асыл жары –
Бақыты маңдайының ашылғаны.
Мінеки, елу жылға жуықтады,
Жарқырап екі жақсы қосылғалы.

Толық

Қарап көріңіз