Бір жұлдыз – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бір жұлдыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Жұлдыздар сөндi. Ай ауды.
Ататын таң да таяулы.
Iлсемшi бiр сəт көзiмдi,
Бiлсеңшi, жаным, аяуды.
Сарғайды жүрек, сарғайды.
Жанымда жоқсың, сол қайғы.
Күдiктiң күнi сөнбейдi,
Үмiттiң гүлi солмайды.
Қамыққан көңiл қаяулы,
Бар ма екен бақыт баянды?..
Жанарым жасқа малынды,
Жүрегiм қанға боялды.
Сен дейдi жүрек, сен дейдi,
Келмейдi деуге сенбейдi.
Жүз жұлдыз қалғып кеткенмен,
Бiр жұлдыз көкте сөнбейдi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері