Айнала ағайынға жүрген ұнап –
Сәкен Иманасов
Бұл бетте «Айнала ағайынға жүрген ұнап» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айнала ағайынға жүрген ұнап,
көңілің бірде көл де, бірде бұлақ,
аға да жаға болғың келгенімен
аласың ара-тұра сыр беріп-ақ.
Сырт көзге көрінсем деп "тірі мықты",
іздейсің езінде жоқ ірілікті,
мәрттікке жаралмаған майда тірлік
әзірге ақтамай-ақ жүр үмітті.
Әп-сәтте әдіра қап бар ынтымақ,
айнала жібересің тарылтып-ақ.
Содан да саған деген біздің көңіл
қояды ауық-ауық қалыңқырап.
Үйренген ескі әдетті өлі сақтап,
кетесің кешегіңнен сәл ұсақтап, —
адамның созылмалы пенделігін
ешқандай ала алмайды нар ісі ақтап.
Сырыңды біліп болған Алаш анық,
ендеше несіне біз таласалық:
берерде қаншалықты биіктесең,
кетесің алар кезде аласарып.
Айнала ағайынға жүрген ұнап,
көңілің бірде көл де, бірде бұлақ.
Текті де бетті болғың келгенімен,
қоясың ауық-ауық сыр беріп-ақ!..
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі