Ақын жары

Бұл бетте «Ақын жары» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1132
Күйбең тiрлiк...
Күйдiк, пiстiк, өртендiк..,
Ес жинадық, ел iшiне ерте ендiк.
Жетсек дедiк жағалауға ертерек
Желбiреген екi Үмiттi желкен ғып.
Жеттiк бiлем...
Мың шүкiрлiк,
Мың тəуба.
Етек-жеңдi болады ендi қымтауға.
Бiз сияқты жанып-сөнiп жанары,
Бiз сияқты өрмеледi Күн тауға.
Мəжнүн басын байлап алған Лəйлам-ау,
Қамсыз, мұңсыз, қайран, Көктем қайда анау?..
Мен сияқты мезгiлiнен ауып Күн,
Сен сияқты бозарады Ай да анау...
Ақын болу – үəм қасiрет, үəм бақыт,
Жыр болмаса, септiгi жоқ жарға түк.
Күнi бойы күбiрлесiп күллi оймен,
Түнi бойы отыратын толғатып.
Тоты құсқа тiл бiтiрiп тордағы
Тағы, мiне, келiп отыр толғағы.
...Ақын жаны ортаймаса болғаны,
Ақын жары қартаймаса болғаны!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын жары өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ақын жары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын жары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақын жары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері