Өлең, жыр, ақындар

Жалған арман

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 944
Шiркiн-ай!
Парықсызды –
Құлақшекесiнен! –
Құлаштап тұрып ұрсам.
Оспадарды –
Тыр жалаңаш шешiндiрiп –
Тiкенек, шеңгелдiң арасымен
Бақсыдан қашқан
Жындай етiп қусам.
Қатыгездi –
Кеспек құсатып! –
Балтамен
Қақ жарып тастасам.
Обырлардың қарнын
Ақ семсермен
Ақтарып тастасам.
Елiмдi басып жатқан
Уайым-қайғыны –
Жел болып соғып
Алып кетсем;
Өшкен ошақтарды
Қайтадан жағып кетсем.
Сатқынды
Табаныма салып
Балшықтай
Илеп тастасам.
Сұм мен сұрқияны –
Сирақтарынан ұстап! –
Елсiз шөлге
Сүйреп тастасам.
Бiрақ
Мұның бәрi арман ғой!
Жалған өмiрдiң
Арманы да
Жалған ғой!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лас уақыт

  • 0
  • 0

Мына Уақыттың,
Апыр-ай,
Ласын-ай!
Аждаһаның ауызындай

Толық

Қаралы Қараойда болған түнгі оқиға

  • 0
  • 0

Мәңгiлiк қаралы
Қаройдың үстiн
Қап-қара қалың
Қара бұлттар басқан кезде;

Толық

Өлең жазған

  • 0
  • 0

Өлең жазған –
сөз бен сөздi құраған,
сырт жүретiн күпiршiлiк, күнәдан
атаққа ие,

Толық