Өлең, жыр, ақындар

Ұлықбек Есдәулет

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1094
Ұлықбек!
Өлеңдегi серiгiмсiң!
Қып-қызыл
Сөздердiң шоғын үрлеп
Күрсiнiп жатқан
Көрiгiмсiң.
Жерiмнiң үстiнен
Бұрқыраған дауыл өтсе –
Сенiң жаның
Алай-дүлейлi
Шаңға айналады.
Елiң жараланса
Сенiң сөздерiң –
Сорғалаған –
Қанға айналады.
Жарылыстардан
Далам
Айырылып, жыртылып жатқанда;
Үмiтiм
Кесiлiп, қырқылып жатқанда –
Айтып жыладың
Қиянат, зорлықты.
«Заман-ай» деп зарлаған
Алтайдан шыққан дауысың
Алатауды жылатып,
Атырауды толқытты.
Шемен боп қатқан
Шердiң түйiнiн
Шешiп жүргендейсiң.
Аспандағы
Бұлттармен бiрге
Көшiп жүргендейсiң.
Сөнiп қалған оттарды
Жағып жатқандайсың.
Ертiс пен Едiлге қосылып
Ағып жатқандайсың.
Жалалы сөз күнi
Қайғыдай боп
Қабарып тұрасың.
Жауыңның қылта тұсына
Жебедей болып
Қадалып тұрасың.
Оңаша қалсаң
Лапылдап жатқан жалын мен
От лақтырып жатқан
Жарқылға толасың.
Шарқ ұрып ұшасың!
Қонсаң да –
Томарға емес –
Шағала құс құсап
Толқынға қонасың.
Күлсең де
Күрсiнiп күлесiң!
Жүрсең де
Жердiң шетiнде,
Желдiң өтiнде жүресiң!
Өйткенi заманың
Орай да борай соғып тұр.
Тағдырың солай болып тұр,
Ұлықбек!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саған

  • 0
  • 0

Бұқадай басыңды шайқап
Жұлқынып тұрғаныңа қарап,
Ұмтылып тұрғаныңа қарап
Қорқатын едiм.

Толық

Қамқорлық

  • 0
  • 0

Қарғын су ақты көшемде.
Қыс бойы тұрған жалаңаш
жуынып алып нөсерге,
киiнiп алды қара ағаш.

Толық

Әбестік

  • 0
  • 0

Ашулы едім.
Қарағайдың
Қарсы біткен
Қайсар бұтағынан жасаған

Толық

Қарап көріңіз