Жақсы адам – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жақсы адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1378
Жәрдем Кейкiнге
Мен сенiң
Қасыңа барсам –
Мәуелеп пiскен
Баққа кiргендеймiн.
Мен сенiң
Қасыңа барсам –
Тақсiретi жоқ! –
Таққа мiнгендеймiн.
Мен сенiң
Жаныңда тұрсам –
Шалғын толқып жатқандай.
Мен сенiң
Жаныңда тұрсам –
Теңiз шалқып жатқандай.
Сенiмен сөйлессем –
Жанымның iшiнде! –
Бiр демде
Бау өсiп шыққандай.
Сенiмен кездессем –
Iргемнен! –
Тау өсiп шыққандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері