Білім дариясы – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Білім дариясы» атты Тайыр Жароков жазған білім туралы өлең берілген.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1164
Советтің сұлу мектебі,
Білімі өрге ерлеген,
Күлгізіп күнді көктегі,
Құлашын шыңға сермеген.
Білімнің алтын дариясы,
Күміс төсін кергендей,
Түбінде маржан нұр тасы,
Сүңгісе сырын бергендей.
Жолдары білім дария,
Маркс — Ленин данышпан,
Нұр құйған жан-жанына
Сол дария ағыстан.
Білімге сүңгір жаңартар,
Өмірдің еңбек жалшысы;
Толқынды дария тазартар,
Алтындай оның тамшысы.

1928


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері