Еділ жағасында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Еділ жағасында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4282
Ерке өзенін шолып түнде елімнің,
Тұрмын жалғыз жағасында Еділдің.
Сылдыр қағып ағып жатыр ағын су
Толқынындай лепірген жас көңілдің.
Кей кездерде көкке шапшып жоғары,
Күміс көбік биік жарға соғады.
Еділ түннің құшағында күрсініп
Әлденендей қалың ойға шомады.
Жараланған жанымнан қан тыйылар,
Құдіретті күш кеудеме кеп құйылар.
Аттанармын жағасынан Еділдің
Айқастарда жау желкесі қиылар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері