Алма бағында – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Алма бағында» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 7325
Жаймашуақ жазғы күн,
Жасыл гүлге бөленген.
Жардай күліп көз тартып,
Алма бағы көгерген.
Алма бағын аялап,
Есті ақырын жұпар жел.
Билеп кетті көлеңдеп,
Бұтақтары бұраңбел.
Толқы торғын алма бақ,
Сүй аялап жұпар жел.
Жастық әнін шырқайық,
Жас сұлулар, бері кел.
1943.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Гауһар

Керемет сөз жоқ

Осы автордың басқа өлеңдері