Санитарка – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Санитарка» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4239
Менімен бір кірпік қақпай,
Түндер бойы көз ілмедің.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің,
Шіркін қандай төзімді едің.
Өрт ішінен алып шықтың,
Қансырап мен жатыр едім.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің
Шіркін қандай батыр едің.
Сен болмасаң жолда қалып,
Жастанар ем бір төбені.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің,
Жаның қандай үлкен еді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері