Жаңа әріп – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жаңа әріп» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 804
Жаңа әріп,
Жаңаланып,
Шықты жаңа өмірде
Түр бергендей,
Түрленгендей,
Оңайланып өмірге...
Өрнек берген
Өрнектелген
Солдан онға жазғанда,
Салсаң назар,
Жазуға ажар
Беріп, жолды сызды алға.
Десте-десте,
Сұлу кесте,
Безелінген үзіліп,
Кезек-кезек,
Қалам кезеп,
Жазғандайсың қызығып;
«Әліп-би»-і
«Би мен ти»-і
Бөгеп еді арабтың
Жаңаланған,
Жаңа алынған,
Жаңа әріпті жараттым.

1928


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері