Қайырымдылық жасаудан жалықпайық
Бұл бетте «Қайырымдылық жасаудан жалықпайық» атты Толқын Жексенбиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Душар болып жалғанның сынағына,
Жандар бар ғой зар болған бір адымға.
Үлдеменен бүлдеге орамай- ақ,
Сен солардың хал- жағдайын сұрадың ба?
Қу тірлікпен қиқулап барамыз да,
Тек пайданы жапсырдық санамызға,
Сен жақсылап көз салшы айналаңа,
Жомарт жандар бар екен арамызда.
Бермесе Алла байлықты күремек кім?
Тағдыр жазса əркімге түнемек мұң,
Кейбір сəтте өзіңді қойып көрші,
Орнына осы бір мүгедектің.
Жан мен тəні жаралы адамдарға,
Көмек бергің бойыңда шамаң барда,
Жақсылыққа жақсылық қайтады əркез,
Тілегіңді береді сағанда Алла.
Жаны жайсаң жандардың жолы даңғыл,
Олар əркез пейіштің жолында тұр,
Қамқор адам Алланың сүйкімдісі,
Олалдыңда арманы орындалсын.
Жаксы олен маладец
рахмет оте керемет!
Жақсы өлең
Мен бұл өлеңді оқығанда жақсы шабыт алдым
Маған ұнады
Мен осы оленди байкауга алым кушти
Айсулу, авторынан сұрап алсай
Жақсы өлең керемет! !!
Маған да осы өлең ұнады.
Авторы кім бұл өлеңнің
Толқын Жексенбиева деп суретімен тұр ғой
Маған бұл өлең қатты ұнады.Мен бұл өлең нен шабыт алдым.
Мына өлең адамға шабыт беретін өлең екен. Авторы жайнап, дами берсин
сәлеметсизбе маған көмек керек болып жатыр 3 000 000 милион тенге әрине китарамын аисаиын 100000 тенгеден берип отырамын
отиниш сиздерден