Кейде есер көңіл құрғырың – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Кейде есер көңіл құрғырың» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 5
  • 41727
Кейде есер көңіл құрғырың,
Махаббат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын,
Асау жүрек алқынар.

Тартқан бейнет, өткен жас,
Жүректің отын сөндірмес.
Махаббат – өмір көркі, рас,
Өлген соң ол да үндемес.

Махаббатсыз – дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының, балаң, досың бар.

Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан бәрі – тұл,
Доссыз ауыз тұшымас.


Пікірлер (5)

Думан

№1

Сәлімжан Әлислам

Тағы көптеу өлендері барма негізі өте керемет

Айхан

Абай Құнанбайұлы деген жазудың немесе суретінің үстіне басса көп еңбегі ашылады.

Фатима

Керемет жаттауга ынгайлы

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері