Қайтейін – Бақберген Арысланбаев

Бұл бетте «Қайтейін» атты Бақберген Арысланбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Суретіңді қайтейін көріктенген..?
Естілмеді дүрсілдер жүректен кем.
Осындай беймаза жүрекпенен,
Қалайша мен өмір сүріп келгем?

Дауысыңды қайтейін еректелген..?
Естілмеді дүрсілдер жүректен кем.
Өлгенмін дауысыңды ұмытқалы,
Жолым саған апармас иректелген.

Ақылыңды қайтейін зеректелген..?
Береке қалмады ғой берекемнен.
Білесің мендегі сезім жайлы,
Не деп барам алдыңа себептермен?

Байқадым жүрегім дір еткеннен,
Опа жоқ сезімімді сыр еткеннен.
Асау мінез, Көкшенің құралайы,
Опа таппай жүрмін бе жүректен мен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтейін өлеңінің авторы кім?

Бақберген Арысланбаев — осы өлеңнің авторы.

Қайтейін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтейін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақберген Арысланбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтейін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар