Домбыраға қол соқпа – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Домбыраға қол соқпа» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 16
  • 63669
Домбыраға қол соқпа,
Шымырлатып бір-бірлеп.
Жүрегім, соқпа, кел тоқта,
Жас келер көзге жүр-жүрлеп.

Қайғылы көңілім қайдағы
Бұрынғымды жаңғыртар.
Қайратты алып бойдағы,
Басымды қайғы қаңғыртар.

Онан да жылы жүзіңмен
Кел, жарым, қара бетіме.
Жылы, тәтті жауап айт
Іштегі қайғы дертіме.

Іштегі ескі жалынды
Сөндір жаңа қылықпен.
Сөйлесші жақсы, жағымды
Мендей көңілі сынықпен.

Сынық көңілім көп кешер,
Майда қолмен ұстасаң.
Көңілге түрлі ой түсер,
Әр тереңге нұсқасаң.

Күйлі, күйсіз бәйгеге
Қажыды көңілім көп шауып.
Көп қинамай әрнеге,
Енді семірт, жем тауып.


Пікірлер (16)

Анеля Айтмұрат

көп рахмет сіздерге өте дұрыс істедіңіз тағыда рахмет

Баян Муханова

Рахмет,маған ұнады.Жәнеде сіздер мені құтқардыңыздар.

айымжан

оте керемет

нұрдəулет

Өте керемет рахмет сізге

Әділ

Рахмет сізге
Ол өлең маған
Абайдың 175 жылдығына керек болды

Өте керемет

Маған ұнады

Райса

Менің түсінгенім домбыра мен ойнама киесі үрат

оте керемет

кушты оте

София

Керемет

А+Б

Маған қатты ұгады

Күшті әң

Керемет рахмет

Ёәіү

Керемет ән

Айкөркем

Өте тамаша ????????????????

Ақерке

Рахмет маған керек болды

Ақерке

Рахмет көп көп маған керек болды

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыраға қол соқпа өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Домбыраға қол соқпа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыраға қол соқпа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыраға қол соқпа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері