Дос іздеймін
Бұл бетте «Дос іздеймін» атты guka1988 жазған достық туралы өлең берілген.
Мені іздесең осында кел осында едім,
Іздеп келем әлі де досымды елім.
Мені білмейм дос тұтатын адам бар ма,
Бірақ, барлық жақсы жандар досым менің!
Аңдамай-ақ аңқылдап кел қасыма,
Санаңдағы ойды айт, бөл жасыма.
Тастап кетуіңе де рұхсат
Келе қалса қиындық бір басыма.
Өзіңнің ауыртпалық қайғыңды ап кел,
Демеймін шаттық дейтін айдынды ап кел.
Бар болмысыңменен қабылдайын
Демеймін жамандықты "қойдым" деп кел!
Бір жақсылық бойыңнан тапсам болды,
Ізгі, игі қалпыммен жақсам болды.
Қадірле төріңді бер, деп те айтпадым
- Мынау менің досым, - деп айтсаң болды.
Мені іздесең осында кел, осында едім,
Іздеп келем әлі де досымды елім.
Мені білмейм дос тұтатын адам бар ма,
Бірақ, барлық жақсы жандар досым менің!
Авторы: Акижанова Гульнур Серикбековна
Достар ұнаған өлеңдерімізге пікір қалдыра отырайықшы, өтініш
Өте жақсы
Тамаша өлең!
Мына өлең өте тамаша! Жүрекке батарлықтай екен
Керемет сенің арқанда ұран шығарып алдық