Кешір мен

Бұл бетте «Кешір мен» атты Султангалиева Перизат жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кешір мені...
Келмес күндер үшін де кешімдегі,
Мен артыма қарамай кетіп барам
Сол үшін де жарығым кешір мені
Түсін мені...
Сырларымды ұғыншы ішімдегі,
Сен менімен біргесің, мен жалғызбын,
Сол үшін де қиналам,
Түсін мені...
Шыдамсызбын,
Күтуге әл жоқ менде, қатқан мүзбын,
Сендік сезім бар шығар,
Бірақ, бірақ...
Күте алмаймын келгенше
Шыдамсызбын...
Түсінбеймін....
Мендіксің бе?
Мендік бол! Түсін мейлің
Қарамашы өзгеге көзіңменен,
Мен ондайды жаным-ау түсінбеймін...
Кешірмеймін...
Жалғыз қалған сәттерде есірмеймін...
Бірақ күнім сендегі суықтықты,
Мен әлі түсінбеймін...
Сүйем дейсің.,
Бірақ неге жаныма сүйенбейсің?
Алдамшы өмір сөнеді-ау қас қағымда,
Сүйем дейсің
Сен бірақ бір келмейсің...
Жалынбаймын..
Мен сенің елесіңнен арылмаймын..
Сырттай сенен бас тартып жүрсем дағы.
Ішмідегі отпенен жалындаймын..
Бірақ жаным,
Қайтшы деп жалынбаймын!


Пікірлер (1)

Нуржанат

Жақсы жазылған екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешір мен өлеңінің авторы кім?

Султангалиева Перизат — осы өлеңнің авторы.

Кешір мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешір мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Султангалиева Перизат өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешір мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері