Өнердің қырандары
Бұл бетте «Өнердің қырандары» атты Меруерт Тінейбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағаларым,өнердің өрендері,
Шабыттың шамшырағы,дүлдүлдері,
"Өлең" деген киелі өнерімнің
Қолдайтын көп болсыншы тыңдарманы.
Ақылды ой,алғыр сөзді сойыл еткен,
Шындықты бетке айтып тамшылатқан.
Өлеңнен өрнек құрып шымырлатқан,
Тамсантып тыңдарманын қайталатқан.
Шабытының "пырағын" ерттеп мінген,
Шашасына ешқашан шаң жұқпаған.
Алдаспандай жарқ етсе жыр төрінде,
Жүлденің бас бәйгесін иеленген.
Біздің елде өсіп келеді жас құрақ,
Әділ менен Серікке ұқсап бой түзер.
"Өнер" атты айдынында шарқ ұрар,
Алып қалмақ,бар байлығын,еншісін.
Нөсер жырдан жыр жиһазын теремін,
Күмбірлесін,кеулемдегі өлең-жыр.
Жұлдыздай боп ең бірінші келіңіз,
"Жыр додасы" атты үлкен көмбеден!
ұйқаспайды
Өте керемет ұйқаспаса да, мағынасы керемет, тек алға!
ұйқасып, ұйқаспайтынын шешетін сен ақын бедің?
Серік Сейтман деген ағай емес па мынау иа?
өте керемет қарындасым өнерің өрге жүзсін
Серік Сейтмандай керемет ақын болатын қыз ғой. Жарайсың.
Тамаша. Өнеріңізді тоқтатып қоймай, әрі қарай өрлетіңіз!