Өлең, жыр, ақындар

Көзімнің қарасы

  • 15.04.2015
  • 1
  • 32
  • 448707
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы,
Бітпейді ішімде,
Ғашықтың жарасы.

Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
Бар демес сендей бір
Адамның баласы.

Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.

Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.

Тереңдеп қарайсың,
Телміріп тұрмайсың.
Бихабар жүргенсіп,
Бек қатты сынайсың.

Сан кісі мұңайсын,
Сабырмен шыдайсың.
Күйемін, жанамын,
Еш рахым қылмайсың.

Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.
Жүректе оты жоқ,
Адамда ми болмас.

Шын ғашық сый болмас,
Сый болса, сыр болмас.
Арызымды айтайын,
Құй болар, құй болмас.

Кең маңдай, қолаң шаш,
Я бір кез, я құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз,
Қарағым, бетіңді аш!

Қара көз, имек қас,
Қараса жан тоймас.
Аузың бал, қызыл гүл,
Ақ тісің кір шалмас.

Қыр мұрын, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.
Ақ етің үлбіреп,
Өзгеше біткен гүл.

Қарағым, бермен кел,
Бізге де көңілің бөл,
Қалқамның нұсқасын,
Көр, көзім, бір кенел.

Қайғың – қыс, жүзің – жаз,
Боламын көрсем мәз.
Күлкіңіз бойды алар,
Бұлбұлдай шықса әуез.

Кісімсіп дүрдараз,
Бұраңдап қылма наз.
Мал түгіл басымды,
Жолыңа берсем де аз.

Иісің – гүл аңқыған,
Нұрың – күн шалқыған.
Көргенде бой еріп,
Сүйегім балқыған.

Қаяусыз қалпынан,
Өзі артық даңқынан.
Қызыл тіл шыға алмас,
Мақтаудың шартынан.

Сенсің – жан ләззәті,
Сенсің – тән шәрбәті.
Артықша жаратқан,
Алланың рахматы.

Көрік – тәңірі дәулеті,
Қылса ұнар құрметі.
Сұлуды сүймектік —
Пайғамбар сүндеті.

Не десем саған еп?
Ғашығың да қайғы жеп.
Өртенген жүрекке,
Бір көрген болар сеп.

Біздердей ғашық көп,
Қайсысы саған дөп?
Жөндеп те айтпадым,
Жүрегім лүпілдеп.

Назыңа кім шыдар?
Бұраңдап жүр шығар.
Қасқая күлгені,
Қылады тым құмар.

Ер емес қымсынар,
Әркім-ақ ұмсынар.
Құдай-ау, бұл көңілім,
Күн бар ма бір тынар?



Пікірлер (32)

Ержігіт

Абай құнанбаев өте керемет ақын

Лейла

Абай Құнанбаев ең керемет ақындардың бірі!мен ол кісінің өлеңдерін шығармаларын романдарын жаксы көремін!

Ақниет

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ атамызды өте қатты жақсы көремім Қазақтың атын әлемге танытқан адам

Арайлым

Барлық өлеңдері маған қатты ұнайды.❤

Нарзулла Нұрмухаммед

А. Құнанбаев керемет ақын

Айжан Бакирова

Өте керемет мағанда ұнаит өлеңдері❤

Гүлсім ❤❤❤

Абай Құнанбаев ең керемет ақын❤❤❤

Жасмина

Өте күшті

Жасмина

Абай құнанбаев ең керемет дана да дара да тулға ешқандай жан ол кісіге тең келе алмайды. Өйткені мың жылда бір туар тулға

Аружан

Абай Кунанбаев атамыз озинин поэма,кара создеримен,олендеримен бизге танымал.Биз осы Абай атамыздын жолын жалгыстыруымыз керек.Абай атамыз оте дара киси болган.Биз оны сыйлап,курметтеуимиз керек деп ойлаймын.Иа мен онын оленин катты жаксы корем.Онын арасындагы маган унайтын ани Козимнин карасы

инабат

маған ұнады осы көзімнін қарасын бізге қазақ әдебиетінен жазуға берген осылай тек абай атамыз жазалады

Темірлан

Өте жақсы өте жақсы

Гулмира

Маған көзімнің карасы өлеңі өте ұнайды өте керемет сөзі де әні де керемет

Гулмира

Абай Құнанбаевтың өлеңдері өте керемет. Әр бір қара өлең сөздерінде бір ойсалар ақыл сөздер бар.

❤❤

Маған Абай Құнанбаевтың бар өлеңі қара сөзі ұнайды осы өлеңдерінің ішінде көзімнің қарасы өлеңіммаған өте қатты ұнайды. Абай Құнанбаев бір тума ақын ғой шіркін

нұртілеу

өте

Myrza

Өте керемет

Сымбат

Өте керемет өлең.Маған өте қатты ұнады.

Толғанай

Керемет əн❤❤

Айнура

Менделеева осы акыннынг оленгдерин унатамын

Айдана.

Көзімнің қарасы маған қатты ұнайды. Беріліп тұрып оқыдым ғой. Әнімен де оқыдым қызық екен.

Не қыласың

Абай қазақтың ұлы ақынғо соны енд біліп жатсыңдарма

Нұрайым Ибрайкул

Маған да өтеген қатты ұнайды.көзімнің қарасыру дегенді жаттапен алдым❤❤

Нұрайым Ибрайкул

Керемет. Шіркілдек ай.

Ғаниқызы Балжан

А.құнанбаев өте керемет ақын өлеңдері өзегіңнен өткізіп жүрегіңе жүрегіңе апарады

Бота

Абай Құнанбайұлының Көзімнің қарасы өлеңі супер мықты

Айша

Ең сүйікті өлеңім

Роза

Көзімнің қарасы ❤❤

Оля

Керемет

Нина

Абай атамыздың өлеңдері бала кезімізден құлаққа сіңіп қалған.Әдебиет сабағында өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып беретін едім сол әдебиет сабағыннан бес алатынмын. БІЗ неге сол кезде ақын жазушылардың өлең шығармаларын жатқа білеміз.Себебі бізде білім бар еді.Қазір ше ?

Нұрайым

Өте әдемі өлен

Пікір қалдырыңыз

Піл мен қанден

  • 1
  • 1

Көшеде піл жетелеп біреу жүрді,
Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі.
Көрсеткелі ап жүрген жануарды
Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.

Толық

Қарашада өмір тұр

  • 0
  • 2

Қарашада өмір тұр,
Тоқтатсаң, тоқсан көнер ме?
Арттағы майда көңіл жүр,
Жалынсаң, қайтып келер ме?

Толық

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы

  • 2
  • 17

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Толық

Қарап көріңіз