Бұл бетте «Не істеп едім?» атты Абзал Алтый жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Осы қазан ғажабы ғой ғажаптың, Осы қазан қазаны ғой Азаттың... Тұрған үнсiз ғасырларды қайнатып Бұдан берiк қазаны жоқ қазақтың.
Даңқы әлем шарлаған Құндылық боп, қымбат боп, – Ойды, көздi арбаған Тұр мұнара жұмақ боп.
Тұла бой, жүйке, тамыр шымырлап тұр, Құлағым, сана, миым шыңылдап тұр, – Шошынған жұдырықтай жүрек құсап Бозторғай дала үстiнде шырылдап тұр!
Бiлемiн, Хақ тағала сүйенiшiң! Сонда да өртенедi, күйедi iшiң, – Өйткенi Бөкен бидiң ұрпағысың, Өйткенi Махамбеттiң жиенiсiң.
Мынау тiрлiк азап боп Бiтпей қойды жарамыз... Қатып қалды қасат боп Iшiмдегi қара мұз.
Бұл жекпе-жек тоқтамас Тұрсаң да сен жат көрiп... Бiрiн бiрi қос қораз Жiберердей қақ бөлiп.
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі