Жүрісінен жаңылған жорғадайын
- 0
- 0
Жүрісінен жаңылған жорғадайын
Қона бермес бақ құсы қолға дəйім.
Бұлбұл ұшып кетті деп гүлзарынан
Борша егіліп несіне қорланайын.
Бұл бетте «Түнгі көше!» атты Nurbek9523 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрісінен жаңылған жорғадайын
Қона бермес бақ құсы қолға дəйім.
Бұлбұл ұшып кетті деп гүлзарынан
Борша егіліп несіне қорланайын.
Бақыт қолда сусиды сынаптайын,
Сынаптайын сырғиды күн, апта, айың...
Ай, жұлдызды əпер деп аспандағы
Артық-ауыс жүрекке жүк артпайын.
Ойнама менің жүйкеммен,
Сүймеймін жанды сүйкенген.
Кеудеңнен кері итермен,
Ішіме енсең икеммен.
Мамырыммен марқайдым,
Тамызыммен ортайдым.
Тамырымнан таусылып,
Қауызымнан қартайдым.
guka1988
Жақсы жазылған!
MAKHAT73
МАГЫНАСЫ КЕРЕМЕТ ЕКЕН. ЖАС АКЫН БОЛСА ДА ОЗ ОЙЫН ЖЕТКИЗЕ БИЛГЕН