Нала – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Нала» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 1
  • 0
  • 1045
Бұл заман кімнің соры?
Кімнің бағы?
Жаңылды жүрісінен дүлдүл-дағы.
Қайғы жеп, мұң жұтқан соң қайдан оңсын,
Барады уға айналып тілдің балы.
Ғайыпқа өзі кетпей,
Сөзі жетпей,
Ақынның аласұрған кезі көп қой.
Өзі хан,
Өзі сұлтан,
Өзі бектей
Қор болдым ағайынға сөзім өтпей.
Алда деп жұбатқанмен жүлдең əлі,
Алқызыл бояуынан гүл де оңады.
Аз күндік аманында ауызға алмай,
Өлген соң өкінгенің кімге дəрі?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері