Мен тәуелсіз Қазақпын! – AidanaOrynbassar

Бұл бетте «Мен тәуелсіз Қазақпын!» атты AidanaOrynbassar жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақын деген асаулықпен аздаған,
Батыр,өжет,азатпын!
Жалын ойым қыз жүректен маздаған,
Мен тәуелсіз Қазақпын!
Көкжиектің бұлтын күнмен ашатын,
Мейірбан да ғажаппын.
Бар ғаламға жан жылуың шашатын,
Дархан халық, Қазақпын.
Жүрегімді ар-намыс пен от тілген,
Жігерлі де қайсармын.
Өзге ұлтты өз жерімнен шет көрмен,
Жүзі нұрлы,жайсаңмын.
Тектілікті тұлғалық мән деп білген,
Дара тұлға, данамын.
Тәрбиені тал бесіктен көп көрген,
Сәби күлкі, баламын.
Маржан жырдың мәйегін сығып алып,
Керегімді жинайтын.
Дүрбелеңге дүрлігіп кетсем-дағы,
Жырларымды сыйлайтын.
Ақын деген асаулықпен аздаған,
Батыр,өжет,азатпын!
Жалын ойым қыз жүректен маздаған,
Мен тәуелсіз Қазақпын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен тәуелсіз Қазақпын! өлеңінің авторы кім?

AidanaOrynbassar — осы өлеңнің авторы.

Мен тәуелсіз Қазақпын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен тәуелсіз Қазақпын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде AidanaOrynbassar өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен тәуелсіз Қазақпын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар