Елім деген ер азамат – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Елім деген ер азамат» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 875
Hұpтай Салықұлы Сабильяновқа
Пәниге адам болып келгеннен-ақ,
Қаз басып тірлік дәнін тергеннен-ақ
Өзіндік әрекетін бастайды адам
Зердеге өмір сырын өргеннен-ақ.
Біртіндеп қалыптасып көзқарасы,
Пайымы басталады өз санасы
Жеткенше дүние сырын зерделейді
Ғаламның ақтарылып әр саласы.
Ары қарай қалыптасып өзіндік ой
Тұлға боп дараланып көрсетіп бой,
Ұласып даналыққа ілгері озып,
Кей алғыр қара үзіп кетеді ғой.
Сен соны танытыпсың Желтоқсанда,
Қалың жас ел қазақ деп үн қосқанда.
Тұтатып зерделіде намыс отын,
Сестену сілкінумен ұласқанда.
Шығыпсың тәуелсіздік туын ұстап,
Тұтатып кеудеде от намыс қыстап.
Қамысты сағалап күн көріп жымда,
Бөрікті атанудың несі ұшпақ! —
Деп көшті бастапсың сен, Нұртай балам,
Бұла жас кезінде ел деп болып алаң.
Шығыпсың Жаңа алаңға ұйытқы болып,
«Кімге күл еді қазақ!» деген санаң.
Мен мұны «Жас Алаштан» оқып білдім,
Жүргенін дәл жанымда текті ұлдың.
Ұлы іске үлкен басымды ие тұрып,
Жүз көріп, алғыс деуге ниет қылдым.
Таныстым тағы талай игі ісіңмен,
Шынқожа ер бабаңның үлгісімен
Ғұмыр кеш, елім деген ер-азамат,
Танылған халқына зор ұлы ісімен.
Мен жай бір осындағы тілекші апаң,
Кім елім десе соған беріп батам,
Тілегін тілеп жүрем, игі ісін
Оңғар деп тәңіріме тіл де қатам.

06.03.2003 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елім деген ер азамат өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Елім деген ер азамат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елім деген ер азамат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Елім деген ер азамат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері