Зираттағы зар

Бұл бетте «Зираттағы зар» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 3646
Жүр, апа үйге қайтайық,
Бұл базар мені шаршатты.
Сүйсеңіз мейір қанатын немереңіз бар —
қанатым!
Ішуді қойғам,
(қоймасам, оңбайтын болдым — сорлайтын),
Аллаға сенем! Өзіме... кімім бар басқа
қолдайтын.
Үйге жүр, апа, үйге жүр.
Жүр, апа, үйге қайтайық,
Бұл базар мені шаршатты.
Күмістөбенің басындай ағарып кеткен
шашыңды-ай!
Қызылқиыннан құлаған самал жел өпсін
денеңді,
Өзім-ақ жазып берейін той бастар
болсаң өлеңді.
Үйге жүр, апа, үйге жүр.
Жүр, апа, үйге қайтайық Бұл базар мені шаршатты.
Құлын шағымды алды бұл,
құлыншағымды жарды бұл.
Саңырау, мылқау жалғанның қоңырауын
қағайын,
Аманқоныста жоғалған бауырларымды
табайын.
Үйге жүр, апа, үйге жүр.
Жүр, апа, үйге қайтайық,
Бұл базар мені шаршатты.
Жақсылығы — аз да, уы — көп, таңдайға
тамар суы жоқ.
....мемлекетіміз, міне, бүгінде — еркін ел,
бай ел әйгілі, (Иә, мен соған сеніп жүргендей) ұят-ау,
тіпті қайғылы.
Құрысын бәрі!
Батқаны —
Анамның үнсіз жатқаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зираттағы зар өлеңінің авторы кім?

Маралтай Райымбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Зираттағы зар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зираттағы зар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Маралтай Райымбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зираттағы зар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері