Өлең, жыр, ақындар

Тəуелсіздік атты сыйлықты...

Тəубе деймін, бүгінім, ертеңіме,
Біздің өмір ұқсайды ертегіге.
Анам-аман, отбасым бəрі де сау
Жақсыдан үміт күтем ертеңімнен.
Тəуелсізбіз, мақтанышпен айта алам,
Неше түрлі керек десең, айтам əн
Бұрынымды ойлай-ойлай күрсініп,
Бүгініме қайта оралып жай табам.
Қазағым, қалың жұртым қол бастаған,
Қазағым, не көрмеген, не баспаған
Сан түрлі езгілерге шыдас берген,
Қазаққа жаман атақ жарбаспаған.
Көтеріліс,төңкеріс, соғыс-қырғын,
Сан ғасыр қиындықпен ғұмыр сүрдің.
Мен қазақ қазақ болып қалыптасқан,
Əр қазақ ғұмыры үшін өмір сүрдім.
Қолға алдық, орыстан алып билікті,
Əлем таныды, қазақ деген жүйрікті.
Көп қиналдық, тартындық та бар қылдық
Қабылдадық, тəуелсіздік атты сыйлықты.
Желтоқсанның жастары мəңгі есте,
Қалмайды олар, шықпайды бір сəт естен.
Жастарды қор ғып, өзгені зор қылған суық желім,
Қыршыннан ала кеттің мəн берместен.
Желтоқсан! Жастар шықты көтеріліп,
Шындық үшін тапқандай бөтен ілік.
Желтоқсан! Рух пен қайрат бойымызда
Ұмытқанмен кетпейміз көтеріліп.



Пікірлер (1)

Sayin97

Керемет өлең...

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар