Сенбі таңы – Абзал Алтый

Бұл бетте «Сенбі таңы» атты Абзал Алтый жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сенбі таңы
Сəмбі талдың сиреген бір бұтағы
Жерге қарай ұмтылған жапырақтар
Уақытты да тым жылдам сырғытады

Сырыңды əлі
Жасырады жаныңның қыңыр бағы
Үдеткендей кенеттен үрейіңді
Қолыңдағы ұялың шырылдады

Ағын қатты
Арнаңның ақ арынын тағы ұрлатты
Ар жағынан тұтқаңның келген жауап
Жанарыңнан сұрақ боп тамып жатты

Кезіктірдім
Жоғалтуды бірақ та тез ұқтырдың
Шарасыздық шамдарды сөндірерін
Ерініңнің дірілінен сезіп тұрдым

Үгіттедім
Сейілтуге сезімнің күдіктерін
Тамағыңа тірелген мұңды жұтып
Сүймеймін...ұмыт дедің...

Қағынар мың
Қысыр оймен қараусыз тағы қалдым
Тоңбасын деп сыйлаған шарфыңды
Тұншықсам да мойныма тағып алдым

Үндемедім
Қалап көңіл түндігін түрмегенін
Айықпайтын денеңде дертің барын
Сенен біраз күн бұрын білген едім

Тірегімді
Тамырынан үзгендей жыр егілді
Сағаттарың аз қалды жалғызым ау
Ауыстырмаса болмайды жүрегіңді

Аспақпысың
Тағдырыңнан қияға тастап құсын
Ұмыт десем əйтеуір көндігер деп
Жалғыз өзің осылай қашпақпысың

Түнермеймін
Үмітімді үгітіп үгер мейлің
Жан-жағыңнан тартқылап жатса дағы
Мен сені жібермеймін

Есіп келемін
Ескек етіп көңілдің кесіп терегін
Қайығымды таба алмай жанарың талып
Жағама кеп кешіккен едің

Жотадан қақты
Жалғандағы қу жаннан босаған шақты
Кеудеңдегі алмасқан жүрегіңменен
Көзіңді аштың бүгінгі отадан сəтті

Сенбі таңы
Сəмбі талдың көгерді бір бұтағы
Жапырақтан үзілген тамшылар да
Сағаттарды тым жылдам сырғытады

Жолықтырдым
Тағдыр қатал тағы да соны ұқтырдың
Көркеміңе көріктім көктен қарап
Кеудеңнің сол жағында соғып тұрдым...

(С) Абзал Алтый


Пікірлер (10)

dias_mamadbek

Авторы өзім дегенді белгілесең жеткілікті, астына қайтадан қайталап жазып не керек?

OljasBolatbek

Жарайсың, мұсылман бауырым! 

Сымбат

Әдемі ерекше жазылған!

Айжан

жарайсың!керемет!

Jahha

Керемет 

Jahha

smileyКеремет 

Назерке

жаксы жазган магынасын аша алды оте керемет дегенмен кейбир жерлеринде уйкас келинкиремейди

Istileuoverjan

Һә, ойлаш: керемет, молодец...

Istileuoverjan

бұны басынан кешкен адам бұлай демес еді...

Мейрамбек Сағатбек

Неде болса сынға алайын!Лексикологиясы өте керемет,дегеніменде қолдана білуі онша мәнді әрі мағыналы емес десем қате болмас!Бұл өлеңді эмоцианалды түрде қабылдай алмаймын жеке басым, бір-ақ та ұйқасына қарап қабылдай аламын.Ұйқасы шалыс ұйқаска келе жатып қара өлеңге ауысып кетіп жатыр.Өз ойыңды,ішкі сезімді толық жеткізе алдың бірақ оны жеке басым түсіне алмады!!!Ұйқасы болса, түсінігі мол болар еді, қалқам.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенбі таңы өлеңінің авторы кім?

Абзал Алтый — осы өлеңнің авторы.

Сенбі таңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенбі таңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Алтый өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенбі таңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар