Өлең, жыр, ақындар

Мәз болады болысың

  • 15.04.2015
  • 1
  • 10
  • 70255
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға,
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға.

Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға?!

Күлмең қағып қасқайып,
Салынып ап мақтанға,
Таңқаламын, қампайып
Жоқты-барды шатқанға.

Үйі мәз боп, қой сойды
Сүйіншіге шапқанға.
Әуре қылды, салды ойды
Үйдегі тыныш жатқанға.

Еш нәрсе емес жұбанар,
Ақыл көзбен баққанға.
Жас баладай қуанар
Бір дәмдіні татқанға.

Көзі барлар ойының
Күлер көтін ашқанға.
Қасиетін бойының
Бекер төгіп шашқанға.

Қуанарлық қыз емес
Жылтырауық таққанға.
Өзгелерді, біз емес,
Түсірмекші қақпанға.

Осы да есеп бола ма
Ар, абұйыр тапқанға?
Миың болса жолама
Бос желігіп шапқанға.


Бір бес надан, оңбассың,
Нансаң, оның қосқанға.
Жасық, жаман болмассың,
Жамандықтан қашқанға.

Ол «болдым-ақ» дей берер,
Бұлғақ қағып басқанға.
Елең қағып елбірер,
Елертіп көзді аспанға.

Жайы мәлім шошқаның,
Түрткенінен жасқанба.
Бір ғылымнан басқаның
Кеселі көп асқанға.

Одан үміт кім қылар,
Жол табар деп сасқанда?
Үйтіп асқан жолығар
Кешікпей-ақ тосқанға.



Пікірлер (10)

Moldir

biilim all kz keremet

Анықбай

Мағыналы өлең

Ернұр

Өте керемет

Myrza

өте лайықты

ARS

Сендер айтпасаңдар да білем

Азалья мә өлең жаттай алмай жатрм ертең қора маган

мә өлең жаттай алмай жатрм ертең қора маган апай басмды жарады

Маржан

Мәә қыйынгой

Айсезім

Тууу не деген ұзақ өлеңдер аз қалды уже ал мен әлі жаттай алмай жатрм

Жанайым

Өте қатты, сыншыл әрі мәңгілік өлең екен! Абай Құнанбайұлының «Мәз болады болысың» – қазақ әдебиетінің ең өткір сынауы, әлеуметтік шындықтың айнасы. Абай ағамыздың қоғамдағы жалған мәртебе, шен-шұқырға масаттану, ар-ұятты сатқан надандықты қатты әрі әділ сөгуі әлі күнге дейін жүрекке қатты тиеді.
«Мәз болады болысың
Арқаға ұлық қаққанға,
Шелтірейтіп орысың
Шенді шекпен жапқанға...» деген жолдардан бастап-ақ, сол кездегі билікке, орыс тіліне, шенге құлшынып, өз ұлттық намысын сатқан адамдардың портреті анық көрініп тұр. «Оқалы тон тола ма, Ар-ұятын сатқанға?!» деген жол – нағыз соққы! Қандай байлық, қандай мәнсап ар-ұяттан қымбат болуы мүмкін?!
«Миың болса жолама,
Бос желігіп шапқанға...» деген сөздер – Абайдың даналығының шыңы. Надандықтан қашу, ақыл-ойды шыңдау, ғылымға ұмтылу – осының бәрі мәңгілік өсиет. Өлең оқып отырып, Абайдың қазаққа айтқан ең ауыр, ең қажет сөздерінің бірі екенін тағы бір рет түсінесің.

Bilim-all сайтына зор алғыс! Абайдың осындай асыл мұраларын жинап, сақтап, жаңа буынға жеткізіп отырғаны үшін рахмет. Оқыған сайын өз-өзіңді тексересің, ар-ұятты сақтауға деген жауапкершілік артады.
Абай бабамыздың сөзі – мәңгілік шамшырақ! Баршаңызға осы өлеңді оқып, ақыл-ойды шыңдап, намысты жоғары ұстау бұйырсын!

Пікір қалдырыңыз

Ата-анаға көз қуаныш

  • 1
  • 12

Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.

Толық

Көкбайға

  • 1
  • 6

Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды да жырлайды.
Ол жыламай қайтіп тұрады,
Мынау азған қу заман

Толық

Желсіз түнде жарық ай

  • 2
  • 40

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.

Толық

Қарап көріңіз