Ойға түстім, толғандым
Бұл бетте «Ойға түстім, толғандым» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.
Өзіме өзім жақпадым,
Енді қайда сыя алдым?
Қалап алған көп мінез,
Қалайша қылып тыя алдым?
Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.
Аршып алып тастауға,
Апандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салған наз емес.
Осынша ақымақ болғаным
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын.
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін;
Айла менен амалды
Меруерттей тізіппін.
Жалмауыздай жалаңдап,
Ар, ұяттан күсіппін.
Қулық пенен сұмдыққа
Құладындай ұшыппын;
"Сіз білесіз" дегенге
Күнге күйіп, пісігшін;
Мақтанбасқа мақтанып,
Деп жүріппін "пысықпын".
Оте Оте керемет
кушты
Өте өте күшті!!! Тамаша
Керемет өлең екен
Маған ұнады
Тамаша
Жас кезінде жасалған қателігін мойындау сабақ алды. Өте дұрыс айтылған сөз
Абай Құнанбайұлының Ойға түстім, толғандым өлеңі маған ұнады
Өте керемет болды
Абай Құнанбайұлының «Ойға түстім, толғандым» — қазақ поэзиясының терең философиялық туындысы, онда ақын ішкі жан дүниесін зерделеп, өзін-өзі түзетуге бағытталған ой толғауларын көркем тілмен жеткізеді. Бұл өлең адамға ең алдымен өзімен шынайы есептесуді, мінез бен ішкі кемшілікті танып, оны түзетуге ұмтылуды шақырады.