Тәуелсіздік – Гульмира Килыбаева

Бұл бетте «Тәуелсіздік» атты Гульмира Килыбаева жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.12.2017
  • 0
  • 2
  • 15794
Өткен күндер ізі қалып тарихта,
Өмір өзен жылжып жатыр ақырын.
Тәуелсіздік әперем деп халыққа,
Көзін жұмды небір қайсар батырым.

Қайсар ердің еске алып рухын
Бір сәт қана орнатайық тыныштық.
Бүгін міне -Тәуелсіздік! Ұлы күн!
Елімізге алып келген ырыс-құт.

26 жыл... жас нәресте, жас жігіт.
Адам болды ел намысын қорғайтын.
Елмен бірге өсіп, дамып жас шыбық.
Саябаққа айналары бұл айқын.

Егеменді еліміз де саялы
Елге айналды терең жайған тамырын.
Ата-баба арманы еді баяғы,
Сол арманы жарық көрді дәл бүгін.

Ел естіді «Қазақ» деген жұрт барын.
Танылды ол бүкіл әлем еліне.
Аялайтын жас сәбиін, қарттарын
Отырғызып үлкен үйдің төріне.

Мақтанатын ердің ерлік ісімен
Мен қазақпын батырлықты жырлаған.
Төтеп бердім тауқыметтің күшіне
Оған куә тау мен тасым, кең далам.

Мен өлмеймін, суын ішкем өлместің.
Іші күйсін дұшпандардың мұны естіп.
«Қиыншылық» кемесіне келместің,
Кеткен болсын мәңгілікке ілесіп.

Енді қайтып қиындықты көрсетпе.
Желбіресін көк аспанда көк туым!
О, Жаратқан, шаңырақты теңселтпе.
Тату–тәтті өмір сүрсін жас буын.

Бақыт, байлық барлығы да бірлікте.
Жетістікке жеттік бүгін бірлікпен.
Жас сәбиім тәтті ұйқыда жөргекте
Біздің елде ел аңсаған бейбіт күн.


Пікірлер (2)

кушти жазадыкенсиз

оз ойынызбен жаздынызба

Тоқтасын Махаббат

Өте күшті өлең дер ♥️♥️♥️♥️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіздік өлеңінің авторы кім?

Гульмира Килыбаева — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіздік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәуелсіздік өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіздік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері