Бұл бетте «Өткен күнгі парақтан» атты Aidana_balimbetova жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тілім ащы болса да, жүрек тəтті,
Талай жандар үнсіз тек тілін қатты.
Қолы емес, тілі боп кісендеулі,
Жарқыраған күндер де торда батты.
Шындықты айтса басқаға болып күйік,
Көп жандар кетті емес пе отқа күйіп.
Еске алсам сол жандарды өртенеді,
Менің мына жүрегім шоққа күйіп.
Амал жоқ қашты олар жалғаннан да,
Ұсталып қалды бірақ жамандарға.
Халықтың жауы деген атты беріп,
Қамады күн көзі жоқ қамалдарға.
Ақындар, даналар да оққа ұшты,
Сырдың таза тұп тынық алабында.
Сол жандардың жалғансыз, таза қаны,
Сыр суымен біздерге тарады да,
Сондықтан да жаным күйіп, жанады да!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі