Хұсайния қазағым-аспан жырым – Абылай Балымбетов

Бұл бетте «Хұсайния қазағым-аспан жырым» атты Абылай Балымбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қараөзек шақ қара өзеннен аққан күн,
Зар азапқа қыршындарым тапталдың.
Шейіттерім қиығындай шұғаның,
Сәйір қылды жас жүрекпен атпалдық.

Марқайдық па талай тағдыр киізінде?!
О,тағдыр-ау қазаққа қиысың не?
Азабымның соқпағы сайрап жатыр
Тау тұрпатты арқардың мүйізінде.

Азаттықтың рахатын тапса дала,
Еңкілдейді-ау боз інгендей ақсақ ана.
Желтоқсан кеп паң дала суытқанда,
Қасқырлардың азу тісі қақсап алар.

Көгіме оралды ма адаспай күн,
Тарқады ма тағдырдан Алаш қайғың!
Аяқ басқан астанамды, мен итімнің
Бір тұтам жүніменен аластаймын!

Батпандай бағы бар-ау бір қазаның,
Ақ өлімге бас байлады мың жас арын.
Елім үшін қарғаның қауырсынын,
Бөрінің қанына сап жыр жазамын.

Сар далам әз басына жастанды мұң,
Хұсайния қазағым-аспан жырым.
Көгілдірдің қолтығынан көтерілген,
Ағзам елге бақ болдың, бостандығым!

Тарихыма қорқаулар тас атты мың,
Жүрегіме қара байлар қасат мұңым.
Уығымды суырып ұстап қалған,
Жаса мәңгі арда емген Азаттығым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хұсайния қазағым-аспан жырым өлеңінің авторы кім?

Абылай Балымбетов — осы өлеңнің авторы.

Хұсайния қазағым-аспан жырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хұсайния қазағым-аспан жырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абылай Балымбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хұсайния қазағым-аспан жырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар