Ақмыштағы кәрі ағаш – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ақмыштағы кәрі ағаш» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2018
  • 0
  • 0
  • 1870
Алыптықты көргiң келсе,
Осы ағашты көр мықты.
Шор-шор бұтақ, терең тамыр орнықты.
Найзағайдың жебесiне шыдаған,
Көрiп зорлық, қорлықты.
Жеткен бiзге өлмей-өшпей дiн аман,
Ұғындырып ерлiктi.
(...Саяхатшысымақ бiреу таңдана,
Таңданғаны өз алдына, паңдана.
“Тарас еккен бұны да”, - деп кергiптi.
Осындайға буырқанбай, күймей гөр,
Шындық суға суарылған,
Өтiрiктi сүймейдi ел.
Туған жердiң топырағынан жаралған,
Бұлағынан нәр алған,
Мәңгi жаса, Бәйтерегiм, билей бер).
Бұтағына талай қыран жұмыртқасын шайқаған,
Бұл бәйтерек сұлап барып,
Тiк тұрыпты қайтадан.
Айдаһардың елестетер кескiнiн,
(Және оның ысылын да естiдiм),
Жiтi көзге байқаған.
Ақмыштағы алақандай осы бiр,
Оазистiң жұпарынан жұтамын.
Қызыл қала, қызыл iңiр, тұт әнiн,
Көкiрегiне қондырып,
Мүмкiн Тарас еккен болар,
Кетiктегi бағына,
(Нулы, сулы Украинасын сағына),
Кесiп алып осы ағаштың бұтағын.
Кеуде кере, кеуде кере, осы бiр.
Оазистiң жұпарынан жұтамын,
...Сақтай алмай асылдарды кеттi есе,
Бiрге көктер жасыл алқап көктесе.
Бәйтерегiм, тамызық боп бiр пешке,
Абайсызда кетпесе екен,
Кетпесе...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақмыштағы кәрі ағаш өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ақмыштағы кәрі ағаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақмыштағы кәрі ағаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақмыштағы кәрі ағаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері