Бейтаныс
Бұл бетте «Бейтаныс» атты Абылай Құлтай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Есімде жоқ танысқан күн екеуміз
Ол кездері ақымақтау екенбіз.
Мен бірақ та өкінбеймін ешқашан
Дәл сол күні жолықтық деп бекер біз.
Сүймейтін ем, ол сүйетін өзі кеп,
Күнде және сүймейтұғын кезі жоқ.
Ал меніңкі тас жүрек пе білмеймін
Ал оныңкі – алаулаған сезімі-от.
Неге сонша болған едім мұң қабақ?!
Тілегін де жүрмеуші едім тыңдап-ақ.
Мен оған тек дастарханның басында
Сәл жымиып қоятынмын бір қарап.
Көзімнен-ақ түсінетін ұғатын
Тіпті менің киімімді жуатын.
Соның бәрін көрмейтіндей кей кезде
«Сен кімсің?» - деп айтқым келіп тұратын.
Бір жыл өтті, уақыт тұрмас мекен ғой,
Жиғандаймын бір адамға жетерлі ой,
Бір жасқа кеп сөйлеп, сүйе бастадым
Сөйтсем оның аты - "Ана" екен ғой.
Оте тамаша
Өте керемет өлең жолдары екен
Өнерің өрге жүзсін ,бауырым!
Абылай жарайсын керемет
Жарайсын менин алтын бауырым....өлең өте магыналы,озиме бир әсер калдырдым.
Өлең өріне өрлей бер! Керемет!
Керемет...Қаламың ұштала берсін.
Игі тілектеріңізге көп рақмет!
Жарайсың бауырым өте тамаша өзіңдей осындай өлең жолдарын арнаған, сендей жанды дүниеге әкелген анаң аман болсын.
АЛЛАh жар болсын, бауырым!!! Өнерің өрлей берсін
Өлеңіңе əн жазу керек қой срочно
Мықты!мМықты!Өзіңізге де өнеріңізге де тəнтімін!
Абылай өте тамаша! Өнерің өрлей берсін, бақытты бол
Тек алга нагашы