Самарқанның көк тасы
- 0
- 0
Ішпей-жемей ақынның мас көңілі,
Желіктірді жеңсік ас жас-кəріні.
Тілек бүгін тамады тіл ұшынан,
Жүрек түгіл, көрдің бе, тас та еріді!
Бұл бетте «Міржақып Дулатов» атты Перизат Сағантай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ішпей-жемей ақынның мас көңілі,
Желіктірді жеңсік ас жас-кəріні.
Тілек бүгін тамады тіл ұшынан,
Жүрек түгіл, көрдің бе, тас та еріді!
Желіп те желіп жететін,
Жаяуды баяу құптамай,
Төгіп те төгіп өтетін
Көктемнің бұла бұлттары-ай!
Таң көзінен тамды мұң,
Күнді күтіп қалды ма?..
Жау, жарықтық жаңбырым,
Ұқсап алтын жамбыға.
Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына
Туыпты-ау шалқасынан Ай тағы да.
Жалынып, жалбарынып жаратқанға,
Жасайтын қара басып қайта күнə.
Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді,
Қызығып енді кімдер сүзіледі?
Үзілген жаңа əлгінде алмадайын
Қызылмен əрлі екен-ау қыз реңі!
салиха
Өте тамаша өлең. Аталар рухын ардақтап жазған шәкіртке алғысым шексіз.
Досым
Керемет, жақсы жазылған.
Aruzhan Abishеva
Керемет жазылган
Асқар
Қазақтың ақындарын келер болашаққа жеткізу мақсаты орындалып жатыр.Жарайсын.
Ляззат
Керемет
Ақмаржан Хусидинова
Өте керемет шыққан өлең,жарайсың қаламың ұштала берсін.
Ақмаржан Хусидинова
Өте керемет шыққан өлең! Жарайсың қаласың ұштала берсін.
Мейіржан
Өте керемет.
Sweetkama23
Оте жаксы
Sweetkama23
Оте жаксы
Толғанай
Міржақып нағыз батыр, ер жүрек ақын ғой