Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 713
Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді,
Қызығып енді кімдер сүзіледі?
Үзілген жаңа əлгінде алмадайын
Қызылмен əрлі екен-ау қыз реңі!
Ұрыны түн жамылып баққа кірген
Із кесіп іздегенмен таппадым мен.
Қызығың қыз күніндей қайдан болсын,
Бетіңе опа-далап жаққаныңмен.
Жүзіңе ұялғанда қан тебетін,
Нəпсінің ауыздықтап нəн төбетін.
Ақындар марапаттап махаббатты,
Ғашықтар əуелетіп əн төгетін.
Жүзіңнен қызарғанда, қан таматын,
Сездіріп сезімсарай салтанатын.
Қауышып қалатұғын кірпіктерің
Тауысып талайлардың жан тағатын.
Ұрыға ұятыңды алдырғалы
Жаныңда жастық əні жаңғырмады.
Бөз болды ілездемде шырайлы өңің,
Өзгерді ерніңдегі балдың дəмі.
Бетіңе опа-далап жағынасың,
Жасанды сол құрғырды нағыласың?
...Қызғыштай қыз ұятын қорғаймын деп
Қу жүреқ, сонша неге жанығасың?!.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері