Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бағдаттың ұқсай қалып сайқалына
Туыпты-ау шалқасынан Ай тағы да.
Жалынып, жалбарынып жаратқанға,
Жасайтын қара басып қайта күнə.
Құдай-ау, қайда менің «Ай» дегенім?
Салмағы сары алтынға сай дегенім?
Балаған арманыма «алтын балық»
Ілінді қармағына қай неменің?
Ай қайда?
Алқаракөк аспан қайда?
Бəлекет тас төбемнен басқандай ма?
Қалқамды қара түнде қапқа салып
Қарақшы Қап тауына қашқандай ма?.
Жо-жо-жоқ!
Қарақшы емес, қашқан – бұлт,
Қайтесің, қамкөңілім, аспанға ұлып.
Одан да шалқасынан туған Айды
Ұйқыдан оятсаңшы шаштан бүріп!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі