Бұл бетте «Тайға міндік» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тайға міндік,
Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп.
Үкі тақтық,
Күлкі бақтық,
Жоқ немеге сүйініп.
Күйкентай күтті,
Құс етті,
Не бітті?
Атамыз бар,
Молдамыз бар,
Айтқанына көнбедік.
Арт жағында,
Біз соған зар,
Боламыз деп білмедік.
Ұрланып қаштық,
Жолғастық,
Шуластық.
Жазу жаздық,
Хат таныдық,
Болдық азат молдадан.
Шала оқудан,
Не жарыдық,
Қалғаннан соң құр надан?
Бағасыз жастық —
Бозбастық,
Адастық.
Бозбалалық —
Қыз қарадық,
Қалжың, әзіл сөйлестік.
Ат жараттық,
Сән тараттық,
Әуейілік күйлестік.
Көңілге келер,
Кім жолар,
Кім көнер?
Қайын бардық,
Қатын алдық,
Енші тиді азғана.
Шаруа атандық,
Енді ойландық,
Қала берді бозбала.
Бұрынғы қайда?
Ойбайла —
Не пайда?
зере
Өте тамаша маған ұнаты
қайрат
өте керемет ,ия
Асель
Тайға міндік өлеңі бір ой толғайтын өлең екен көп ойланып қазіргі заманның қиын заңдарын бағыну керек екенін ойлап жылап алдым өте керемет өлең!
Мадина
Мен абайдың барлық өлеңін білемін бәрі тамаша бірінен бірі өткен жақсы шығарған ғой
Ерəлі
Өте керемет өлең екен
Айша
Мен Абай атаныны урпагымын ол менин 5атам мен оны мақтан етем
Алиша
Өте керемет өлен
Алиша
Керемет өлең жариялап
Алиша
Өлең керемет
Али
Өте қызықты және әдемі өлең екен
Айзере
Ен Абай Құнанбаев шығармаларын өте қатты жақсы көремін ♥️
Айзере
Өте керемет
Нурали
Керемет
Айсұлтан
Өте керемет болған 👌
Айсұлтан
Өте керемет болған🤍🤍
Айсұлтан
Маған бұл өлен ұнады
Майра
Абайдың «Тайға міндік» өлеңін оқығанда өз өмірімді көргендей болдым. Жастық шақтағы жеңіл ой, бос қуаныш, кейінгі өкініш — бәрі өте дәл берілген екен. Әсіресе «бағасыз жастық — бозбастық» деген ой қатты әсер етті. Қазір ойланып қарасам, шынымен көп нәрсені кеш түсінеді екенбіз…
Бұл өлең жай ғана жыр емес, нағыз өмір сабағы. Әр адам кем дегенде бір рет оқып, өзіне қорытынды шығаруы керек деп ойлаймын. Осындай мағыналы дүниелерді жариялап отырған сайтқа рахмет!
Аружан
Өте керемет