Тəуелсіздік – Піржан Диас

Бұл бетте «Тəуелсіздік» атты Піржан Диас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біз азатпыз, азатпыз,
Жеңіс үшін күресіп,
Жауларымен алысқан,
Нағыз рулы қазақпыз.

Ел басымыз Нұрсұлтан,
Елі үшін жан қиып,
Адал басшы сайланып,
Болашаққа жол ашқан.

Туды биік ұстармын,
Азаттыққа құштармын,
Қызмет етемін өзіңе,
Менің Қазақстаным.

Аспанда көк бұлтымыз,
Ашық аспан нұрлымыз,
Бейбітшілік алған соң,
Тəуелсіз болды ұлтымыз.

Ерлеріміз биіктен,
Алаштай болып жалындар.
Ләззат жəне Сабира,
Нағыз қазақ тарландар.

Осы күнге жеткізген,
Қазақтарым арландар,
Құрметке лайық болған соң,
Жаса Қазақстандықтар.

Міне осы шакта біз,
Тəуелсіздік кезінде,
Туылғанымыз үшін,
Мәңгілікке ризамыз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Курман Арсен

Рақмет өте жаксы өлен

Осы автордың басқа өлеңдері