Кешегі өткен ер Әбіш
- 1
- 5
Кешегі өткен ер Әбіш
Елден бір асқан ерек-ті.
Жүрегі — жылы, бойы — құрыш,
Туысы жаннан бөлек-ті.
Бұл бетте «Ғабидоллаға» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кешегі өткен ер Әбіш
Елден бір асқан ерек-ті.
Жүрегі — жылы, бойы — құрыш,
Туысы жаннан бөлек-ті.
Тұла бойың ұят-ар едің,
Ескеріп істеп, ойлаған.
Тәуекелге нар едің,
Талаппен терең бойлаған.
Жиырма жеті жасында
Әбдірахман көз жұмды.
Сәулең болса басында,
Кімді көрдің бұл сынды?
Хабарлама
INFO
Адем
Өте өте әдемі
Менің ойымша Абай Құнанбаевтің өлеңдері өте жақсы
керемет!
Өте күшті
Уақыт өткен сайын маңыздылығы арта беретін өлеңдер.