БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН
Бұл бетте «БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН» атты Нұрлыхан Сейтханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бақытты өмір, ол - бүгін,
Бірдей болған өң-түсің!
Ертеңгі күн - елес күн,
Көңілді өтсін бір күнің!
Бақытыңа бастайтын,
Жақсыға жоры түсіңді.
Ертеңге артар үміт көп,
Бағаласаң әр күнді.
Қолыңда тұрған Бақытты,
Жоғалтып сен алмағын.
Өткізіп ап уақытты,
Өкінішке қалмағын.
Бағаласаң әр сәтін,
Бақытты болар әр күнің!
Ертеңгі күн - елес күн,
Бақытты өмір, ол - бүгін!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі